Есепте тұрған 142 адам абақтыға қайтарылды
Түркістан облысының прокуратурасы «Қадағалау» профилактикалық шарасын өткізіп, есепте тұрған тұлғалар тексерілді.
Тексеру барысында сотталған 321 адамның тоғызы тұрғылықты мекенжайында болмаған. Екеуінің жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
43 адамның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданып, 9 тұлғаға қатысты үкім өзгертілген.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 142 адам абақтыға қайтарылған.
Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде.