Желіде той үстінде бауырсақ пісірген қалындықтың видеосы тарады
Тойда түсіріліген видео қазақстандықтардың ызасын келтірген.
Видеодан той көйлегін киген қалыңдық залдың ортасына шығарылғанын, алдына қыздырылған май құйылған қазан мен кесілген қамыр әкелінгенін көруге болады, деп жазды turkystan.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалыңдыққа сол жерде бауырсақ пісіріп, ата-енесіне жегізу тапсырылған. Бұл ретте видеоға жазылған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.
"Үйленгенде келіннің не істей алатынын білу үшін емтихан тапсыруы өте дұрыс. Оның үстіне қонақтар да көреді, өте дұрыс”, "Бүгін пісірмесе болмай ма? Мазақ қылу", "Бұл қандай сән? Бірінші рет көріп тұрмын. Жастарға тойлауға уақыт беріңіздер, бұл олардың күні", "Таңертең қуырса да болады ғой, міндетті түрде тойдың ортасында күштеп жасату керек пе?", "Неге бірден ішек-қарын тазатпадыңыздар?", "Келінді мазақ ету", "Жындыхана", – делінген пікірілерде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram