Пойыз жолаушысы жолсерікке пышақ ала жүгірген
Жолсерік жарақат алған.
Оқиға 23 қараша күні болған. Күдікті ұсталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мас жолаушы жолсерікке өткір затпен шабуыл жасаған. Жолсерік жарақат алды. Пойыз қызметкерлері жолаушыны ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Зардап шеккен жолсерікке шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жақын станцияда ауруханаға жеткізілген. Өміріне қауіп жоқ.