БЖЗҚ таза инвестициялық кірісі 1,1 трлн теңгеге артты
Зейнетақы активтері зейнетақы жарналарының және инвестициялық кіріс есебінен өскен.
2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстанның зейнетақы активтерінің сомасы 21,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осылайша бір жылда 4,4 трлн теңгеге (+25,3%) артқан. Ал биылғы 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңге (+20,8%).
Зейнетақы активтері зейнетақы жарналарының және инвестициялық кіріс есебінен өскен. 2024 жылдың 10 айындағы жарналар 2,2 трлн теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7% - ға көп.
«БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 2,4 трлн теңгені құрады. Былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге (немесе 92,8%) артық», - деді зейнетақы қоры.