Батыс Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады
Жаңа мұнай өңдеу зауытын салу 2040-2050 жылдар аралығында елдің жанар-жағармайға деген қажеттілігін жабады.
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты.
2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды, бірақ 2030 жылдан кешіктірмей жобалауды және 2032 жылы салуды бастау қажет. Жаңа мұнай өңдеу зауытын салу 2040-2050 жылдар аралығында елдің жанар-жағармайға деген қажеттілігін жабады. Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтарына жанар-жағармай экспорттауға мүмкіндік береді, - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кету керек, елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар.