Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері елордалықтарға ескерту жасады

25 қараша, 2024 / Інжу Әлихан
sgork_official
Ведомство өкілдері Астана тұрғындары мен қонақтарын жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің алдағы отырысына байланысты астаналықтарға үндеу жасады.

 Ведомствоның хабарлауынша, 27-28 қарашада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық аясында Астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Негізгі шектеулер:

«Әзірлік шараларында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген. Сонымен қатар 27 қарашада Астана қаласы аспанында Қорғаныс министрлігі майдан авиациясының ұшуы жоспарланған», - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство өкілдері Астана тұрғындары мен қонақтарын жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.

Тэгтер:

Астана ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Мемлекеттік күзет қызметі