Қоғам

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

istockphoto.com

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Солтүстік айналма жол автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда», – делінген ПД хабарламасында.