Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
Жылыту маусымының басынан бері елімізде 913 өрт тіркелген
«Астанада қалалық және Ақмола облыстық құтқарушылары бірлесіп, қала маңы мен шекаралас аудандардағы тұрғын үйлерде алдын алу рейдтерін өткізді. Рейд барысында құтқарушылар мен волонтерлер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді», — деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, жеке сектордағы үйлер өрт шығу қаупі жоғары аймақ болып қалып отыр.
«Біз қауіпсіздік үшін» рейдтері тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алуға бағытталған. Ережелерді сақтамау әсіресе жылыту және электр құрылғыларын пайдалану кезінде орын алады. Бұл өрттің негізгі себептерінің бірі болып табылады», – деді Ерлан Төрегелдиев.