Үйленетін қыз іздеп жүрмін – боксшы Нұрбек Оралбай
Париж олимпиадасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілген болатын
Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Жүрегім бос. Әлі ұнайтын қызды жолықтырған жоқпын. Айбек үйленген соң біз Олимпиадаға дайындыққа кірістік, себебі басты мақсат – Олимпиадаға қатысу болды. Медаль алу үшін тынымсыз жаттығу жасадық. Қазір қыз іздеп жүрмін, өйткені бұған дейін уақыт болған жоқ», – деді Нұрбек Оралбай.
Париж олимпиадасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілген болатын.