Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Осыған байланысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Осылайша, Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Е-Өтініш жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азамат анықталып, оған заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды, - деді жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаев.
Енді әскери қызметкер 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 172 мың 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер аталған соманы бір аптаның ішінде төлеп үлгерсе, тек жартысын төлейді.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығының директоры Руслан Хамзаның айтуынша, мұндай жағдай осыдан төрт жыл бұрын болған.
Атырауда "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығын ұйымдастыру барысында діни бірлестіктер арасында шағын футболдан ашық турнир өтті. Сайыс басында Әнұранды орындау кезінде оң қолын жүрек тұсына қоймаған, яғни мемлекеттік рәмізге құрметсіздік көрсеткен еліміздің екі азаматы кінәлі деп танылды. Олардың үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынған болатын, – деді Руслан Хамза.