Қоғам

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр

istockphoto.com

Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз

Ақмола облысында жоғалып кеткен Макинка ауылының тумасын іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі. 

Мәлімет бойынша, 2000 жылғы ер адам 14 қараша күні өз үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жақын маңдағы шалғай учаскелері, дала аумақтары мен орман алқаптары тексеріліп жатыр.