Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
Ол ата-анасының қамсыз өмір сүруіне бар жағдайды жасауға тырысып жатқанын айтты
Дзюдодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова «Сырласу» тележобасының қонағы болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
1bol.kz мәліметінше, Париж Олимпиадасынан кейін дзюдошыға демеушілер бірнеше автокөлік сыйға берген болатын. Осыдан кейін ол ата-анасының қамсыз өмір сүруіне бар жағдайды жасауға тырысып жатқанын айтты.
«Анам жұмыс істемейді, менің мысығымды бағып, менен жалақы алып отыр, – деп әзілдеді ол журналистпен болған әңгіме барысында. – Қазіргі таңда ата-анам жұмыс істемейді. Анам бұрын мектепте мұғалім болған. Ал әкем зауытта жұмыс істеген. Мен олардың жұмыс істегеніне қарсымын. Барлық жағдайын өзім жасағым келеді», - деді дзюдошы қыз.