Қазақстандықтарға 700 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылады

23 қараша, 2024 / Алуа Арман
egemen.kz
Қайтарылған сома биылғы жылыту маусымында тұтынушылардың жеке есепшоттарына аударылады

Монополистер қазақстандықтарға 768 миллион теңге көлемінде жылу үшін төленген артық ақшаны қайтарады.

Finprom.kz мәліметінше, қайтарылған сома биылғы жылыту маусымында тұтынушылардың жеке есепшоттарына аударылады.

«2023/2024 жылғы жылыту кезеңінде жылумен қамту қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін 768,2 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізді», – деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша қайтарылатын сома:

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жылу энергиясымен қамту құны нақты температураға байланысты есептелетіндіктен, тұтынушыларға басқа тәсіл қолданылатыны хабарланды.

Тэгтер:

жылыту маусымы