Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы Приморский тұрғын үй алабының маңында болған
22 қарашада Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды. Жол-көлік оқиғасы Приморский тұрғын үй алабының маңында болған.
Lada.kz мәліметінше, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің баспасөз қызметі жарақат алғандардың барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
«Зардап шеккендердің арасында 1966, 1988 және 1985 жылы туған үш адам бар. Олардың екеуі әйел, біреуі ер адам. Барлығы сүйек сыну жарақаттарын алған», – деп хабарлады мекеме өкілдері.