«Ел арна» телеарнасы 27 наурызда іске қосылады
«Ел арна» телеарнасы 27 наурызда іске қосылады
Олар эфирге 6 сағаттық қайталаумен шығады. Арна басшылығы «Қазақфильм» акционерлік қоғамымен келіссөздер жүргізіп, бірқатар тамаша туындылар көрсетілімі бойынша шарт жасасты. Сондай-ақ еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына ұсына алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендігін жеткізді. - Біз жастарды кино әлеміне баулитын мектептермен, түрлі кинофестивальдердің әкімшілігімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ұсынылған туындылардың арасында іріктеу өткіземіз. Қысқа метражды және арт-хаус стиліндегі фильмдерді де эфирге шығарамыз. Біздің ойымызша, мұндай ауқымды жоба жас режиссерлердің санын арттырып, кино индустриясының дамуына серпін береді, - дейді «Ел арна» арнасының шеф-редакторы Камила Қамназарова.