T-Newspaper

Шаңырағын алаш тұлғалары көтерген шамшырақ

Өңір баспасөзінің қара шаңырағы – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бастауына көз жүгіртсеңіз, Алаштың айбарлы ұлдары алдыңыздан шыға келгендей күй кешесіз. Сол айбарлы да айдарлы аталар алдарына үлкен мұрат қойып, ұлт газетіне «Ақ жол» деген ат беріпті. Жолымыз ақ болсын деген тілекпен шыға бастаған басылым өткен жолдарында байыпты тақырыптарды қозғай отырып, жылдар мен кезеңдердің сүзгілерінен сүрінбей өтіп, ғасыр жасады.

Бір ғасыр!  Жүз жыл бойы оқырмандарын жақсы жаңалықтарымен, ұлттық құн­дылықтар нәрімен сусындатып келе жатқан байырғы басылымның өткен жолдарының өр­нектері кімге де болсын үлгі-өнеге, сабақ. Сар­ғайған газет беттерін парақтай отырып, сіз бір ғасырдың шежіресін оқып шығасыз. Хал­­­­­қымыздың басынан өткерген күйініші мен сүйінішіне куә боласыз. Жарық көру тарихы тым тереңде жатқан ба­сылым 1924 жылы Түркістан Республикасы Ор­талық Атқару Комитетінің органы ретінде шы­ғып, бір ғасыр бойы көптеген қазақ зия­лы­сын тәрбиелеген мәртебесі биік мектепке ай­налды. Міне, назар салыңыз. Газеттің ал­ғаш­қы жауапты редакторы Сұлтанбек Қо­жановтан бастап, ұлт қайраткерлері Тұрар Рыс­құлов, Нәзір Төреқұлов, Міржақып Дула­тов, Қошке Кемеңгерұлы қолдап, қуаттаған осы басылым кейінірек заман екпініне қарай «Ең­бекші қазақ», «Ленин жолы» атанды. Рас, қа­зақ еңбекқор болатын. Бірақ «Ленин жолы» қа­зақты адастырып кетті. 1925 жылы Қазақ Республикасының ас­танасы Қызылорда қаласына көшіріледі. Ал Қы­зылорда уезі ол кезде Сырдария губер­ния­сына қарайтын. Осыған байланысты «Ақ жол» газеті Қызылорда қаласынан шыға бастаған «Еңбекші Қазақ» (қазіргі Egemen Qazaqstan) га­зе­тімен қосылды. 1929 жылы астана Алматы қа­ласына көшірілгеннен кейін Сырдария ок­руг­тік партия комитеті мен атқару коми­те­ті­нің органы ретінде «Ленин жолы» газеті деген ат­пен газет өз алдына бөлек отау тікті. Кейін ок­ругтер таратылып, аудандар тікелей рес­пуб­лика орталығына қарағанда «Ленин жо­лы» газеті Шымкент аудандық партия ко­ми­те­­­тінің, аудандық кеңес атқару комитетінің жә­не аудандық кәсіподақ бюросының органы ре­тінде шығып тұрды. 1932 жылдың көк­те­мінде республикада қайтадан облыстар құ­рыл­ды. Осыдан кейін «Ленин жолы» газе­тінің не­гізінде «Оңтүстік Қазақстан» газеті шыға бас­тады. Осы газеттер алғашында Ташкент шаһа­ры­ның, содан кейін Қызылорда қаласының бас­паханаларында басылып, оқырмандарына жет­кізіліп келді. Атаулары ауысқанымен бұл га­зеттердің қай-қайсысы болсын халық жа­ғында болып, олардың мұңың мұңдады, жоқ­тарын жоқтады. Қазақта мұң да, зар да жет­кілікті еді. Солардың сөзін сөйлеймін де­ген редакторлардың көпшілігінің «Халық жауы» атанып, айдалып, атылып кеткенін бір­еу білсе, біреу білмейді. Сол бір аумалы-төк­пелі замандарда Иса Тоқтыбаев, Хасан Әлиев, Абдулла Байтасов, Қоңырқожа Қожы­қов, Хади Илаев, Сәбит Алпаров секілді қазақ зия­лылары газетке атсалысып, кей уақыттарда олар­дың бірқатары газетке басшылық жасап отыр­ды. Қазақтың аса көрнекті тұлғалары Әли­хан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Ха­лел Досмұханбетов, Ораз Жандосов, Ілияс Жан­сүгіров, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Арыс­та­нов, тағы басқалардың ел мүддесін ойлаған мақа­лалары осы газетте жиі-жиі жарияланып тұр­ды. Олардың көркем шығармалары да осы га­зет­терде басылды. Бұл басылымның көр­кем­дік, танымдық деңгейін биікке көтерді. Тарих таңбасын арада қаншама ғасыр өт­­се де балталап өшіре алмайсыз. Ке­зін­де қаһарынан қан тамып тұрған Сталиннің өзі жаптырып тастаған газеттің алғашқы сан­­дары Ташкент, Мәскеу архивтерінен та­бы­лып жатыр. Үгітілуге шақ қалған сол га­зет­тер­ден Мағжанның, Ильястың өлеңдерін та­­буға болады. Сондай-ақ Сұлтанбек Қожа­нов­­тың өткір мәселелер көтерген мақа­ла­ла­рын кез­дестіресіз.  Қоғам үнемі қозғалыста болады. 1932 жы­лы республикада бірнеше облыс құры­ла­ды да, өңірлер бойынша жаңа газеттер шыға бас­тайды. Бірақ бұрыннан «Ленин жолы» бо­лып шығып келе жатқан газет шығуын тоқ­татқан жоқ. Оның ендігі атауы – «Оңтүстік Қа­зақстан» еді. Расында, республикамыздың оң­түстік бөлігіне бұл атау қонымды да қи­сын­ды еді. Сол жылы газетке Ордабасы ауда­ны­ның тумасы, әдебиетші-ғалым Бейсенбай Кен­жебаев редактор болып тағайындалған екен. Газет – қай уақыттан да халықтың көзі, құ­ла­ғы және тілі. Облыс айнасына айналған «Оң­түстік Қазақстан» газеті шын мәнінде өңір­дің қоғамдық-саяси істеріндегі наси­хат­шысына айналды. Билік пен халық ара­сын­дағы алтын көпірге міндетін бұлжытпай орын­дады. Сонымен қатар жақсы жаңа­лық­тарды жарқырата көрсетіп, табыстарды та­са­да қалдырмады. Әрине, қоғамның қай са­ла­сын­да да кемшіліктер мен олқылықтар болып тұрады. Газет осы олқы тұстарды сын садағы­на іліктіріп, кемшіліктерден арылуға көп­ші­лік­ті жұмылдыра білді. Халқымыз өнеге ет­кен­дей, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білу бұл газетке де тән еді. «Оңтүстік Қазақ­стан» газетінің жалынды журналистері әлі де осы бағытынан айныған емес.

Оңтүстік журналистерінің қасиетті қарашаңырағы қазір Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сара сая­сатын елге кеңінен түсіндіріп, билік пен ха­лық арасындағы байланысты дәстүрлі жал­ғастырып келеді. Қазақтың тілін, дінін, ділін сақ­тау, ұлттық құндылықтарымызды наси­хат­тау, барымызды бағалау, жоғымызды тү­ген­деу жолында аянбай еңбек етіп келе жат­қан ғасыр жасаған байырғы басылым басты ба­­ғытынан еш жаңылып көрмеген, жаңыл­май­ды да. Қазақтың төрт құбыласын түгелей жү­­ріп, облысты мекендеген өзге ұлт өкіл­де­рінің де салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, дос­тықтың дәнекері болып келеді. Сонымен қа­тар облысымыздың терең тарихын кейінгі буын­ға насихаттау да ұмыт қалған жоқ. Негі­зі­­нен, Оңтүстік – тарихи, киелі жерлер мен орын­­дарға бай. Тіпті, түртіп қалсаң, тасына дейін сөйлеп қоя береді. Осындай бай тарихы, көр­кем табиғаты бар өлкені сүйе білу керек. Га­зеттің ұстанған басым бағыттарының бірі, міне, осы. «Оңтүстік Қазақстан» газеті таланттарды ба­­лапандай баптап, көрнекті мемлекет қай­рат­керлерін түлеткен басылым ретінде де баға­лы. Айталық, Асқар Тоқмағамбетов, Қос­жан Мүсірепов, Жақан Сыздықов, Сейділда Тө­лешов, Әбіш Байтанаев, Әбен Сатыбалдиев, Тә­кен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Нә­сірә­дин Сералиев, Садықбек Адамбеков, Мұх­тар Шаханов, Омарбай Малқаров, Жұмабек Еділ­баев, Еркінбек Тұрысов, Мархабат Байғұт, Көпен Әмірбек, Исрайл Сапарбаев, Ханбибі Есен­қарақызы, Тұрсынай Оразбаева, Жәлел Кәт­тебек, тағы басқа да қарымды қаламгерлер осы басылым шапанынан шықты.  Оңтүстіктің озық ойлы оғландары қа­шан­ да алдыңғы шетпе жүрді. Олар­­дың қатарында елімізге танымал Әсет Тілеу­кеев, Әмірсейіт Әлиев, Кәрім Үкібаев, Нұрғали Ораз, Оразхан Жарқынбеков, Анар Бәкірова, Иса Омар сынды редакторлармен қатар Пайыз Кәдеев, Уәлихан Темірбеков, Жұмам­ұрат Тұяқбаев, Сәділ Кәдеев, Байдулла Қоныс­бе­ков, Қайым Тілегенов, Мұратбек Дүйсен­бе­ков, Төрехан Рамбердиев, Төрекелді Байтасов сын­ды қаламының желі бар журналистер өсіп шық­ты. Бұл тізімді бұдан да әрі соза беруге бо­лады. Бір өкініштісі, аталған азаматтардың көбі қазір арамызда жоқ. Ғасырмен құрдас басылым бүгінде 38 000-40 000 таралыммен оқырмандарға уа­қытылы тиіп тұрады. Кешегі іріңді індет – коронавирус тұсында оқырмандарымызбен байланыс біршама алшақтап қалғандай еді. Қазір сол үзілген жіп қайта қалпына келді. Оқырмандар саны жылдан-жылға артып келеді. Сол жарасымды жалғастық арқасында алпыс жылдан бері «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін қазақша күрестен республикалық турнир өтіп келеді. Сонымен қатар оқушылар арасында «Жақсылар, дастан айтайық» атты эпостық жыр жаттаудан сайыс өткізу дәстүрге айналды. Түркістан қаласы­ның облыс орталығына айналғанына 1 және 5 жыл толуына орай жыр мүшәйрәсі өтті. Өңі­ріміздегі талантты өрендерді тауып, қол­дау мақсатында жыл сайын проза, поэзия жанрлары бойынша бәйге ұйымдастырылады. Мұның сыртында «Оңтүстік Қазақстан» га­зетінің бай тарихы туралы ұжымдық жинақ­тар шығарылды. Қызық тақырып, үздік мақалаларға конкурс өткізілді. Бұдан басқа да іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Қазір де редакцияда алдыңғы буын ата­лары мен ағаларының жолын жалғап келе жат­қан журналистер жұмыс істейді. Олардың қа­тарында халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Сабырбек Олжабай, «Бас­па­сөз саласының үздігі» Нұрлан Кенжеғұлов, «Жыл журналисі» Серікқали Жексенбай, сон­дай-ақ Дәулет Тұрсын, Ерлан Қуандық, Баян Дарғожина, Аман Жайымбетов, Дилара Бименова, Ерболат Айнабеков, Альбира Пайызхан, Пернебай Сапаров сынды жур­на­листер ағалар тігіп кеткен туды жықпай өнім­ді еңбек етіп келеді. Бүгінде жүз жыл жасаған жампоз басы­лым­да «Мезгіл мәселесі», «Жәдігер», «Кешегі кеңшар директорлары», «Нағыз дәрігер», «Мен әскерде жүргенде», «Әрекеті бар әкімдер», «Естен кетпес сол сәт», «Қораңда малың бар ма?», «Аулаңыз қандай, ағайын?», «Бұқара ба­зы­насы», «Жүз жасағандар», «Сот қараған іс», «Ол – мықты мұғалім», «Бүгінгінің баласы», «От­ба­сы және отағасы», «Таныс та бейтаныс», «Бүгін­гі сөз», тағы басқа да айдарлар бойынша бе­ріл­ген мақалалар оқырмандардың көңіл­дерінен шығып жүр. Түптеп келгенде, шаңырағын Алаш тұлға­лары шаншыған басылым елге қызмет ету жолында аянбай күресіп келеді. Редакцияның бүгінгі ұжымы қазақтың көсегесі көгере бер­сін деген ниеттің үстінде жемісті жолдарын жалғай бермек. Ғасырлық тойларыңыз құтты болсын, әріптестер!

Абай БАЛАЖАН, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің  бас редактор-директоры