Оралда электр бағанында жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты
Юелгілі болғандай, ер адам белбеуіне ілініп, қолғабы, киімдері мен аяқ киімі өртеніп кеткен.
Қайғылы жағдай 24 қазан күні Мичурино ауылында болған. «ЗапКаз РЭК» компаниясының 36 жастағы электромонтері Михаил Дендеря әріптесімен бірге электр желілеріндегі ақауларды жоюға барған. Сол күні ол демалыстан кейін жұмысқа шыққан.
«Түскі уақытта жұбайымнан түскі асқа келе ме, жоқ па деп сұрадым. Ол жұмыстарымен жүргенін, кейін қайта хабарласатынын айтты. 15 минуттан соң, оның ағасы қоңырау шалып, Михаилді тоқ ұрғанын айтты. Мен сол жерге бардым. Жедел жәрдем, полиция болды, ал жұбайым жерде жатты. Маған түсіндіргендей, күйеуім тірекке көтерілгенде тоқ соққан. Тоқ екі жақтан да қосулы болған, бір жағы ғана ажыратылып, ал екіншісі кернеуде болды», - деді Михаилдің әйелі Татьяна Дендеря.
Басылымның жазуынша, ер адам белбеуіне ілініп, қолғабы, киімдері мен аяқ киімі өртеніп кеткен.
Қаза тапқан жұмысшының әйелінің сөзінше, жерлеу рәсіміне компания басшылығынан ешкім қатыспаған, күйеуінің бірнеше әріптесі ғана келген.
Марқұмның артында жұбайы, 11 жасар қызы және қарт әкесі қалды.
БҚО еңбек инспекциясы басқармасы оқиғаның барлық мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
«ЗапКаз РЭК» ЖШС тарапынан қаза тапқан жұмысшының отбасына шамамен 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген.
Полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 156-бабы «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.