Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV-сатылымнан түскен табысы жарияланды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV-сатылымнан түскен табысы жарияланды

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің PPV-сатылымнан түскен табысы жарияланды
ашық дереккөзі
Кездесуді америкалық НВО телеарнасы ақылы сатылым жүйесі (PPV) арқылы көрсеткен болатын. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниел Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жектің PPV-сатылымнан түскен табысы жарияланды. Fightnights.com. сайтының хабарлауынша, PPV-сатылым және кассадан түскен табыс шамамен 15 миллион долларды құраған. Айта кетейік, Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниел Джейкобспен 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша ұпай санымен жеңіске жеткен болатын.