Қоғам

Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларына сый көрсетті

сурет ашық дереккөзден алынды

Әнші өнердегі достарының басын қосты.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина құрбы-құрдастарын шақырып, сый-сыяпаттың астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші өнер жолында табыстырған құрбыларымен жиналып, отырыс жасады. Қарақат Әбілдинаның сөзінше, өмірде ең керегі бұл жақын адамдарының қасынан табылуы екен.

«Замандастар, армандастар, құрдастар! Бізді өнер табыстырды. Қай жерде, қай қалада тұрмасақ та, бір-бірімізді іздеп, сағынып тұрамыз. Мына өмірде адамға керегі де сол шығар ?! Мадикош Астанаға бір күнге келіп, «Қақат үйдесің бе ,түсірілімнен шығып келемін» - деп хабарласты. Қуанып, сары самаурынды қайнатып, қазанға кеше сойылған соғымның етінен қуырдақты былқылдатып жіберіп ,әңгімеміз жарасатын қыздарыма сықырдым. Сөйтіп, аяқ астынан жинала қалдық. Көңілден көңіл шәй ішіп, сыйлық алып,балаша қуанып , не керек бір жасап қалдық. Өмір осындай сәттерімен тәтті ғой … Алла қолдап жүрсін, алтындарым!», - деді Қарақат Әбілдина.