Димаш I'm a Singer байқауының финалына өтті

Димаш I'm a Singer байқауының финалына өтті

Димаш I'm a Singer байқауының финалына өтті
ашық дереккөзі
Hunan TV арнасынан байқаудың 10-шы кезеңі көрсетілді. Нәтижесінде Димаш байқаудың финалына шықты.  "Ол 11-ші кезеңге қатыспайды, себебі байқауға орта жолдан қатысатындар өзара бақ сынайды. Ал Димаш шығып отырған финалдың өзі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде ол жалғыз ән айтса, екінші кезеңде дуэт болып ән орындайды. Алайда әзірге оның кіммен ән шырқайтыны белгісіз", - деді Алпамыс Шаримов. Бұл кезеңде Димаш "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі, ал сөзін жазған Орал Байсеңгір. Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов I am a Singer музыкалық байқауының финалында қазақстандық әншінің кімдермен сынға түсетіні жайлы айтып берді. "Дәл қазір финалдамыз. Финалға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Димаш және онымен бірге Сэнди Лэм (Sandy Lam), гонконгтық топ Lions бар. Әрине, бұл біз үшін өте қуаныш. Осы кезге дейін қазақтың халық әнін де орындадық, еуропалық танымал әндерді де орындадық. Әлемге танымал және қытайдың сүйікті әндері орындалды. Димаш көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысты. Соның арқасында бүгін финалға жетіп отыр", - деген еді әншінің өкілі.