1 қаңтардан бастап бірнеше әлеуметтік төлем мөлшері өседі
Үкімет 2024 жылғы 19 қарашада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулыны бекітт
Келесі жылдан бастап мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға әлеуметтік төлемдер артады.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға арттыру жүргізілсін, – делінген Үкімет Қаулысында.
Құжат 2025 жылы 1 қаңтардан бастап нақты қолданысқа енгізіледі.