«Жол бойында жолбарыс жүр»: жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды

21 қараша, 2024 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
Полиция Теміртау тұрғындарын дүрліктірген әйелге 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды

Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады , деп хабарлады Polisia.kz.

Теміртау қаласының тұрғындарын жол бойында жүрген жолбарыстың бейнеролигі алаңдатты.

"Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жалған ақпарат тарату кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салды.