Жаңалықтар

Тараз тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін себепсіз соққыға жықты

istockphoto.com

Полицей ақшасын алып, ер адамды жібере салды, - дейді оларды видеоға түірген фельдшер

Таразда жедел жәрдем жүргізушісі мен ер адамның төбелелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Желідегі видеодан полицейлердің жігіттерді ажыратып жатқанын байқауға болады.

Мас халде көлік жүргізіп, әйелін перзентханаға әкелген ер адам жедел жәрдем жүргізушісін себепсіз ұрып жіберген. Түсіріп тұрған мен фельдшермін. Полицей ақшасын алып, ер адамды жібере салды, - делінген видеоның астындағы жазбада.

Ал Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамға қатысты шара қолданылғанын мәлімдеді.

Бұл видеоға қатысты полиция қызметкерлері арызды тіркеді. Құжаттар сотқа жіберілді. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, - делінген полиция хабарламасында.