«Сатқындықты кешірмеймін»: Мақпал Исабекова көпшілікке сырын ақтарды
Танымал әнші желі қолданушыларын ойлантып қойды.
Белгілі әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушысы әншіге отбасыдағы қандай қателіктерді кешіре алмайтыны туралы сұрақ қойды. Мақпал Исабекова болса бұл өмірде ол тек сатқындықты кешіре алмайтынын айтты.
«Бұл жерде жауап беру қиын. Ең бірінші кешіре алмайтыным ол сатқындық. Сонымен қатар, сүйгеніне селқос қарау, құрмет танытпау, көңіл бөлмеу шығар. Мен ешкімге мені сүйіңдер, жақсы көріңдер демеймін. Өмірді жеңіл қабылдауға үйренгенмін. Егер де бір олқылықты байқасам, ақырын ғана өмірінен алыстай беретін боламын», - деді Мақпал Исабекова.