Жаңалықтар

Жетісу облысында апатты ғимаратқа бірнеше қорап дәрі-дәрмекті лақтырып кеткен

istockphoto.com

Қорапта ампициллин ғана емес психотроптық препаратқа жататын «Трамадол» да жатыр.

Желіде Жетісу облысында апатты ғимараттардың бірінде шашылған дәрі-дәрмектердің видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Информбюроға» сілтеме жасап.

Қорап-қорап препараттар Текелі қаласындағы апатты ғимараттардың бірінен табылған. Видео авторының айтуынша, антисанитариялық жерде қолдану мерзімі өтпеген қымбат дәрілер де болған екен.

«Мұнда жарамдылық мерзімі 2025 жылдың қараша айына дейнгі ампициллин дәрісі жатыр. Қараусыз қалған ғимаратта осыншалық дәрі жатыр. Барлығын жай ғана лақтыра салған», – делінген видео жазбаларында.

Қорапта ампициллин ғана емес психотроптық препаратқа жататын «Трамадол» да жатыр. Сондай-ақ жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер де жоюға жіберілмеген көрінеді.

Ал тозығы жеткен ғимаратта адам жоқ. Бұл дәрілер арнайы ереже бойынша тізімнен шығарылуы керек еді. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аталған жағдайға қатысты қызметтік тексерістен кейін ғана түсініктеме беретіндерін мәлімдеді.