Жаңалықтар

8-сынып оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім қамауға алынды

istockphoto.com

Семей қаласының білім бөлімі күдіктінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екен хабарлады.

Семейде 8-сынып оқушысын зорлады деп күдікке ілінген мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Күдікті 32 жаста және жергілікті тұрғын екені атап өтілді.

«Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Семей қаласының білім бөлімі күдіктінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екені және мекемеде 2022 жылдан бері жұмыс істейтіні туралы ақпаратты растады. Желіде жәбірленушінің сегізінші сынып оқушысы екені де хабарланды.

Білім басқармасының мәліметінше, оқушы мектепке баруын жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді.

Мұғалім әлі жұмыстан шығарылмаған, бірақ сабақ өткізіп жүрген жоқ.

«Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді», – деп хабарлады білім басқармасы.