Ұлытау мен Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі облыстағы тас жолда көлік қозғалысы шектелді.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлайды.
Ұлытау облысы:
2024 жылғы 20 қарашада сағат 13:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қызылорда облысы:
2024 жылғы 20 қарашада сағат 13:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2024 жылғы 20 қараша сағат 20:00-де ашу жоспарланған.