Жаңалықтар

АҚШ офицері өлтірген 37 адамның арасында Мэрилин Монро да болған

ашық дереккөзі

АҚШ офицері өлтірген 37 адамның арасында Мэрилин Монро да болған

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы офицері, 78 жастағы-  Норман Ходжес 1959 бен 1972 жылдар аралығында Америка үкіметінің бұйрығы бойынша 37 адамды өз қолымен өлтіргенін мәлімдеді. Ходжес атақты актриса Мэрилин Монроның өліміне де өзі себепші болғанын мойындаған. Бұл туралы worldnewsdailyreport.com сайтына сілтеме жасай отырып, REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Қарт офицер жуырда Вирджиния штатындағы шағын госпитальға жатқызылған. Қаншама жыл жасырып келген сырын сол жерде жайып салыпты. Ходжестің айтуынша, ол майора Джеймс «Джимми» Хейворттың әмірімен «мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін» адамдарды өлтіріп отырған. Норман Ходжес кәсіби кісі өлтірушілер «бестігінің» бір мүшесі болған көрінеді. Олар көзқарастары АҚШ мүддесіне қайшы келетін саяси белсенділерді, журналистер мен ғалымдарды, кәсіподақ көшбасшылары мен суретшілерді жолдан ысырған. Мэрилин Монро – Ходжестің қолынан өлген жалғыз әйел. Офицер бұл ісіне өкінбейтінін айтқан. Өйткені Монроның Кеннеди мен Фиделем Кастродан бөлек тағы бірнеше ықпалды адамдардың көңілдесі болғанын дәлелдейтін деректер көп болыпты-мыс. Сондай-ақ, ЦРУ-дің бұрынғы қызметкері актрисаның «коммунистерге стратегиялық ақпаратты жеткізу» ықтималдығы жоғары болғанын да айтыпты. 1962 жылы 5 тамызда Ходжес атышулы өлімді жүзеге асырған: актрисаның бөлмесіне кіріп, тыныштандыратын екпе жасайды. Екпе құрамындағы нембутал (барбитурат) Монроның өліміне себепші болса керек. Қазір қарт офицердің сөзін растайтын ешкім жоқ. Майор Хейворт та, «бестіктің» өзге мүшелері де көз жұмған. Бірақ Ходжестің сөзі ФБР-дің назарын аудармай қоймады: өлім аузында жатқан қарияның қолына кісен салынып, зерттеу жүргізіле бастады.