21 қарша күні Алматы облысында сиреналар іске қосылады
Тексеру барысында «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабылмен сиреналы-дауыс зорайтқыш жүйелері және ұялы телефондарға хабарлама жіберіледі.
21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында «Дабыл жүйесін тексеру» жүргізіледі.
Тексеру барысында «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабылмен сиреналы-дауыс зорайтқыш жүйелері және ұялы телефондарға хабарлама жіберіледі.
«Дыбыстық сигналы – бұл ескерту сигналы, ол халықтың назарын аудару үшін беріледі және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпаратты жеткізуге арналған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Бұл – тексеру мақсатында берілетін «оқу-жаттығу сигналы» екенін ескертеміз», - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.