Павлодарда өртенген ғимараттан ер адамның денесі табылды
Өрт туралы хабарлама 20 қараша күні сағат 07.46-да түскен.
Қайғылы оқиға Бекмаханов көшесінде болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 20 қараша күні сағат 07.46-да түскен.
– Шақыртуға дереу шыққан өрт сөндірушілер жеке тұрған ғимараттың жанып жатқандығын анықтады. Өртті жою барысында екі газ баллон шығарылды, – деді департаментте.
Тілсіз жау 15 шаршы метр алаңда жедел сөндірілді. Оқиға орнында ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Шақырту орнында департаменттен 15 қызметкер мен бес техника, апаттық медицина орталығы жұмылдырылды.