Қостанай облысының тұрғыны итке пышақ сұғып, азаптаған
Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді
Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған.
Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.