Танымал қазақстандық дзюдошы мансабын аяқтады
Жансай Смағұлов татами төрінде күш сынаспайтын болды.
Танымал қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов (73 келі) спортшы ретіндегі мансабын аяқтап, жаттықтырушылықпен айналысуға бел буды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
32 жастағы қарағандылықтың соңғы жарысы Австрияның Линц қаласында (8-10 наурыз) өткен Әлемдік Гран-при кезеңі болды. Онда 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші раундта мексикалық Улисес Мендеске қарсы жекпе-жекте жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осы себепті Смағұлов жоғары деңгейдегі дзюдошы ретінде татамиден кетуге мәжбүр болды.