Павлодарда төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Шешімді қабылдаудың мақсаты – табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою.
Бұл – дауылдың салдарын жою үшін қабылданып жатқан шара, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде жария етілді. Павлодар қаласы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешім жобасы 20 қарашаға дейін талқыланады.
– Павлодар қаласы, Атамекен кенті, Жетекші, Павлодар ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, – делінген құжатта.
Шешімді қабылдаудың мақсаты – табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою. Оның орындалуын Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары бақылайды.