Жаңалықтар

Қонаевта перзентханадан шыққан кортеж жүргізушілері куәлігінен айырылды

скриншот

Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күндік қамауға алынды.

Желіде бірнеше көліктің өзге жүргізушілердің жолын бөгеген сәті түсірілген видео тараған. Полицейлердің анықтауынша, жол ережесін бұзушылар Қонаев қаласындағы перзентханадан Арна ауылына бара жатқан.

Кортеж қатысушыларының бірі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, тағы үшеуі бір күндік қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ал тағы екі қатысушыға айыппұл салынды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, жолда қауіп төндіретін кез келген әрекет жазаланатынын еске салды. Ереже бұзушылар міндетті түрде тиісті жазаға тартылады.