Жаңалықтар

Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен кетті

gov.kz

Дәуешов облыс прокуроры лауазымынан «қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты» босатылған.

Ақтөбе облысының прокуроры Халидолла Дәуешов қызметтен босатылды. Бұл туралы Бас прокуратураға хабарлады.

 Дәуешов облыс прокуроры лауазымынан «қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты» босатылған. Ақтөбе облысының прокуратурасын енді кім басқаратыны туралы ресми мәлімет әзірге жарияланбады.

60 жастағы Дәуешов осы қызметке 2022 жылғы шілдеде тағайындалған. Оған дейін Атырау облысының прокуроры қызметін атқарған.

Халидолла Дәуешов І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.