Сербияда Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

19 қараша, 2024 / Інжу Әлихан
Akorda
Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия