Алматы облысында мұғалімдерге алты ай бойы еңбекақы төленбеген
56 мұғалім айлық алмаған.
Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады.
Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды.
Түскен қаражат мұғалімдерге төленді.