Алматыда жасөспірім жоғары қабаттан секіріп көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматының Әуезов ауданында жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.
«Бұл іс бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінен.