Қоғам

Тұрсын Алагөзов декреттік демалысқа шықты

Фото: видеодан кадр

Белгілі кәсіпкердің қайда жүргені белгілі болды.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жұбайының балаларына деген әкелік махаббаты жайлы айтты, деп жазды turkystan.kz.

Продюсердің сөзінше, қазіргі уақытта жұбайы Тұрсын Алагөзов декреттік демалыста жүрген көрінеді. Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында мәлім етті. 

"Тұрсын Алагөзов қазір декретік демалыста. Мүлдем сыртқа шықпайды деуге болады. Алғашқы 15 күнде толықтай қыздардың жанында болды. Мен болсам ауруханадан шыққан күннің ертесіне кино түсіруге кетіп қалдым. Оның ойында әрдайым қыздарын қорғау, жанында болу деген тұрды. Ол әрдайым қыздармен сөйлеседі, иісімді сезіп жүрулері керек деп бір елі ажырамайды. Сосын ол әрдайым маска тағып жүреді”, - деді Баян Алагөзова.