Қоғам

Ауласында есірткі өсірген азамат бас бостандығынан айырылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Сотталушыға ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жезқазған қаласының тұрғыны ауласында есірткіге жататын тұқымдас өсімдікті өсіргені үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

 Бұл туралы Ұлытау облыстық сотының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Жезқазған қалалық сотында сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы Л., Жезқазған қаласында, «Спутник» ӨК-де орналасқан саяжайында 2024 жылы топырақты өңдеу, суару, өңдеу және қопсыту арқылы есірткіге жататын тұқымдас «сора» өсімдігін егіп, өсірген, осылайша ол халықтың денсаулығы мен имандылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін көрсетіп, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес ең төменгі жаза тағайындауды сұрайды. Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді. Жезқазған қалалық сотының үкімімен «Л.», ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.