Жаңалықтар

Доллар бағамы 500 теңгеден асты

istockphoto.com

Ұлттық банктің бекіткен бүгінгі ресми бағамы 495,95 тг.

Қазақстанның KASE қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 497,89 теңгені құрады. Яғни 1,88 теңгеге қымбаттады.

Ал Ұлттық банктің бекіткен бүгінгі ресми бағамы 495,95 тг.

Kaspi қосымшасында қазір бір доллар 501 теңгеден сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 500,05 теңгеден, ал Астананың ақша айырбастау пунктерінде 500,98 теңгеден сатылуда.