Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін сенбі, 14 желтоқсан жұмыс күні. Ал жексенбі, 15 желтоқсан мен дүйсенбі 16 желтоқсанда демалыс болып саналады.
Сонымен бірге 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болып есептеледі. Желтоқсан айында кәсіби мерекелер де жетерлік:
5 желтоқсан – Адвокатура күні;
6 желтоқсан – Прокурор күні; желтоқсанның үшінші жексенбісі (15 желтоқсан) – Энергетиктер күні;
20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.