Астана қаласының Алматы ауданының әкімі тағайындалды
Рустем Тәуекелов жаңа әкім болды.
Ол 2022 жылдың қазанынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы болған.
«ҚР Президенті әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен 39 жастағы Рүстем Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды», - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Рүстем Тәуекелов еңбек жолын Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен бастаған. Әр жылдарда "Балқантау KZ" ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы ауданының әкім қызметін атқарған Мақсат Самаұлы жаңадан құрылған Сарайшық ауданына әкім болып тағайындалды.