Жаңалықтар

БҚО-да экс-полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

istockphoto.com

Қазір тергеу басталған.

Қағылы оқиға 17 қараша күні Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

«Күдікті бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктінің ішкі істер органдарындағы жұмысынан қашан босатылғаны белгісіз. Полиция департаменті бұл ақпаратты айтпады. Алдын-ала дерек бойынша қайтыс болған адам мен күдікті бұрынғы әріптестер.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.