Жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны әйелге шабуыл жасап, сырғасын шешіп әкеткен

57 жастағы жәбірленуші шығын көлемін 177 мың теңгеге бағалады.

Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол көшеде кетіп бара жатқан әйел адамға шабуыл жасап, сырғасын шешіп әкеткен. 57 жастағы жәбірленуші шығын көлемін 177 мың теңгеге бағалады.

«Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында.