Қоғам

Семейде ата-анасы үйге қамап кеткен балалар құтқарылды

Видеодан алынған кадр

Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалған

Абай облысының құтқарушылары балаларға көмекке келді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға Семей қаласының көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалған.

Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты, – делінген хабарламада.