Спорт

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

UFC

Отандасымыз 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізеді

UFC промоушені қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Отандасымыз 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесу Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.