Жаңалықтар

Қашағанда екі миллионыншы тонна мұнай өндірілді

ашық дереккөзі

Қашағанда екі миллионыншы тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Қашаған кен орнынан екінші миллион тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. «Кен орнынан мұнай өндіру өткен жылдың қыркүйегінде қайта басталды. Қазіргі уақытта өндіру көлемі тәулігіне 180 мың баррельге жетті. Алғашқы миллион тонна мұнай осы жылдың  қаңтарында алынды,  ал екіншісі Наурыз мейрамы қарсаңында өндірілді»,- деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының кен орнын пайдалану жөніндегі директоры Ариан ван Дейк.