Малайзияға көшіп кеткен қазақ блогері қызды болды

15 қараша, 2024 / Өтей Торғайұлы
Шетелдегі қазақтар блогердің қуанышын бөлісті.

Блогер Камила Әділхан мен Мағжан Аймаханның шаңырағында қыз бала өмірге келді, деп жазды turkystan.kz.

«Малайзиядан Қазақ еліне +1 ару. Малайзияға көшкенде Алланың берген ең үлкен сыйы қызымыз болды. Жаңа елде берекеміз артып жатыр, Аллаға шүкір! Баршаңыздың құттықтауларыңызға рахмет! Жұғысты болсын», – деп жазды Камила Әдәлхан.

Айта кетейік, блогерді Малайзияда тұратын қазақтар бірігіп перзентханадан шығарып алған.

Тэгтер:

блогер Малайзия