Ақтөбе облысында әйел адам анасын ұрып өлтірген
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.
Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық полиция департаменті "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.